Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Әйелдер киімін, бояну заттарын сатуға болады ма?
Сұрақ:

Әйелдер киімін, бояну заттарын сатуға болады ма? 

Жауап:

Ғалымдар қандай бір зат халалға да харамға да қолдануға келетін болса, аталмыш сипаттағы затты жасауға да, сатуға да болады деп бірауыздан келіскен. Көптеген мубах (рұқсат етілген) заттарды халал мақсатта қолдануға немесе оны харам іске пайдалануға да мүмкіндігі бар. Мысалы пышақ, қысқа юбка, бейнекамера т.б. Пышақпен бір адамның жанын қиюға да немесе нан турауға да болады. Алайда бұлардың барлығын жасауға да, сатуға да шариғи тұрғыдан рұқсат етілген. Оған негіз ретінде мына қағиданы алға тартады: «Егер харамның нақтылығы анықталмаса, онда оны қолдануға болады». Яғни екі қолданысқа пайдалана беретін нәрселерді, кім харам жолға қолданса күнәсі өзіне, оған жасаушы, сатушы және делдал жауапты емес. Имам әз-Зәйлағи «Тәбиин әл-хақайық» аты кітабында негізі  харам болмаған  бірнеше нәрселерді (мүйізді қошқар, төбелесетін әтеш, көгершін) атап болған соң, «Бұларды сату харамға жатпайды. Өйткені олардың болмысы харам емес, керісінше тыйым салынған тұсы, қолданысқа пайдаланған ісі харам болып тұр дейді»[1]. Ендеше әрбір нәрсені жақсыға да жаманға да қолдануға болатын болса, онда оны сатуға рұқсат етіледі. Әйелдер   киімді, макияжды өз үйінде күйеуінің алдында немесе көшеге шыққанда қолдануы мүмкін. Оның қандай жолға қолданып жатқанына сатушы жауапты емес. Істеген ісіне өздері жауап береді. Осыған орай, әйелдердің киімін, боянатын заттарын жасауға да, сатуға да болады. Жауапкершілік қолданып жатқан адамның мойнына түседі. Егер дұрыс пайдаланса халал, харам іске қолданса күнәсін өзі көтереді.    


[1]Әз-Зайлағи, «Тәбиин әл-Хақайық», 3/297.

fatua.kz

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



ОҚИҒАЛАР

24.03.2017. Дубайдың мына түрін көрмеген боларсыздар. (ФОТО)

Бурдж-Халифа - көк тіреген ғимараты 828 метр, қазіргі уақытта әлемдегі ең биік ғимарат болып табылады. Ғимараттың пішіні Сталагмитті еске салады.



497

24.03.2017. БАӘ Марста қалашық соқпақ.

БАӘ органдары алдағы 100 жыл үшін Қызыл планетаға адамдарды жіберу арқылы «Марс 2117» жобасының басталғанын жариялады және онда алғашқы «қалашықты» салатынын хабарлады.



259

24.03.2017. Әйелдерге арналған "қызғылт" такси жұмысқа көшті. (ФОТО)

Карачи қаласында ерекше «қызғылт» такси пайда болды. Ал оның ерекшелігі көлік тек әйелдерге арналған. Сондай-ақ, такси жүргізушілері де тек әйелдер.



183

24.03.2017. Жас жұбайлар үйлену тойында қайырымдылық жасады. (ФОТО)

Сомалилік жас мұсылман ерлі-зайыптылар өздерінің сән-салтанатты үйлену тойында ақшасын елдегі құрғақшылықтың құрбанына айналған мұқтаждарға қайырымдылық жасауға жұмсауды жөн көрді.



224

24.03.2017. Бұл жерді әлемдегі ең керемет бақ дейді. (ВИДЕО)

 Алла тағала адамзатқа көптеген нығметтерді аманат қылып берген. Сол аманатқа қиянат жасамау да мұсылманның бір сипаты болып саналады. Бұл нығметтердің бірі – табиғат. Табиғатты исі мұсылман баласы жанындай қорғаштай білу керек.



174

20.03.2017. Йеменнің көркем 10 суреті. (ФОТО)

Соңғы онжылдықта Йеменнің аты кедейлік пен гуманитарлық дағдарысқа байланысты тек соғыспен танылып келеді. Алайда Таяу Шығыстағы қайталанбас мәдениетіне келгенде айтылмай шет қалып жатқан дүниелері көп. Сол мәдениетін төмендегі суреттерде ұсынамыз.



467

20.03.2017. Пайғамбар Юсуфты (а.с.) осы құдыққа тастаған. (ВИДЕО)

Хазірет Юсуф пен бауыры Бунямин аналарынан айрылғаннан кейін әкелері хазіреті Яқуб (Жақып) оларға басқа ұлдарынан да көп көңіл бөле бастайды. Ағалары бұл халді көріп, қызғаныштан жарыла жаздайды.



1175

20.03.2017. Сауд арабиялық фотографтың тосын жұмыстары. (ФОТО)

Ясир Альмахед - Сауд Арабиялық жас фотограф баршаны өзінің тамаша қос экспозициясымен жігерлендірді.  Әрбір сурет адамдардың кейпі мен гүлдерді және қаланың пейзажын бейнелейді. 



404

20.03.2017. Сіздер сенбессіздер, бірақ бұл - Қазақстан (ВИДЕО)

 Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр.



507

20.03.2017. 62 жыл бұрынғы қажылық (ВИДЕО)

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?!



351

17.03.2017. 15 мың көбелек шөлейтте (ФОТО)

Дубайда көбелектің он мыңнан астам түрлерінің 26 сирек кездесетін түрлерін қамтыған саябақ іске қосылды.



360

17.03.2017. Сіздер мұның мешітте болғанына сенесіздер ме? (ВИДЕО)

Копенгагендегі мешіттің ашылу салтанатында болған жарық сәулелі шашу.



602

17.03.2017. Ирандық жас фотографтың керемет жұмысы (15 фото)

Ирандық студент-физик әрі фотограф  Мұхаммед Реза Домири Ганжи (Mohammad Reza Domiri Ganji) бар болғаны 5 жыл ішінде әлемдегі атақты фотографовтардың қатарына енді. Ол сәулет ғимараттарын арнайы суретке түсіреді. 



299

17.03.2017. Әлемдегі ең үлкен жайнамаз қалай жасалды? (ФОТО)

Абу-Дабиде (Abu Dhabi) тұратын Шейх Заид бин Сұлтан аль-Нахайянның тапсырысы бойынша көлемі өте үлкен кілем жасалды. Кілем шығару зауытының директорының айтуынша, бұл жұмысты жасап шығару үшін үш ауылды өңірлерде тұратын ұсталар үш цехта болып қызмет етті.  Бұл кілем қол жұмысы болып табылады. 



464

16.03.2017. Хабарландыру!!! «Әз-Наурыз» төрлет төріме!

Құрметті Тараз жұртшылығы! Даламызға шуақты көктеммен бірге енген ұлыстың ұлы күні «Әз-Наурыз» мерекесі биыл да бірінші болып орталық мешітте басталмақ. Сіздерді 17 наурыз күні «Һибатулла Тарази» мешітінде жұма намазынан кейін өтетін «Қош келдің, әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасына шақырамыз!



293

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 26 наурыз, 2017 жыл )

Таң 5:48
Күннің шығуы 7:04
Бесін 13:23
Екінті 17:45
Ақшам 19:37
Құптан 20:53
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 5:30
Таңға дейін 0:18

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ