Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?
Сұрақ:

Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма? 

Жауап:

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“ Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік.

Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік»[1], - дейді Мұсылман кісінің бойынан табылуы тиіс жақсы қасиеттің бірі – өзіне жасаған игілігі үшін алғыс айта білуі. Ол жөнінде хадисте: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды»[2], – делінген. 

Сондай-ақ кісінің өзге адамдардың дәрежесіне, пайымдау деңгейіне түсіп, олармен сол деңгейде қарым-қатынас жасауы, ел арасындағы абыройлы тұлғаларға құрмет көрсетуі де мұсылманшылықтың талабы. Ғалымдар мен ел арасында беделі бар жандарға сый көрсетуге шариғат рұқсат еткен. Кейбір ғалымдар мұндай іске «мустахаб» деген үкім берген. Имам Бухари мен имам Муслимнің Сахих жинақтарында Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ансарларға Сағыд ибн Муаз келген сәт орындарынан тұрып, құрмет көрсетулері туралы айтылған.

Осы хадиске түсініктеме берген имам әл-Бәйһәқи: «Ансарлардың Сағыд пен Талхаға сый-құрмет ретінде орындарынан тұрып, құрмет көрсеткендері секілді іске - дінде рұқсат берілген. Құрмет көрсетілген жан, өзін соған қашанда лайық сезінбеуі керек. Құрмет көрсетілмеген жағдайда ренішін білдіруіне немесе шағымдануына болмайды»,[3] – дейді.

Имам Нәуәуи осы хадисті түсіндіріп:  «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мырзаларыңызға немесе ардақтыларыңызға орындарыңыздан тұрып, құрмет көрсетіңіздер», – деген сөзінен игі адамдар келген сәт адамдардың құрмет ретінде орындарынан тұруының жақсы іс екенін білеміз. Көптеген ғалымдар мұны мұстахаб амал санаған. Мұны құптайтын хадистер көп. Ал ашық тыйым салған еш хабар келген жоқ.

Мұндай хадистер мен ол жайында айтқан ғалымдардың сөздерін жинақтадым және осы жайында (яғни адамдардың бір кісіге құрметпен орындарынан тұру ісіне) тыйым салынған деп ойлаған ғалымдар сөзіне жауап қайтардым»,[4] – дейді. Алайда бұл пікірлер тірі адамдарға құрмет көрсетуге қатысты айтылған. Ал тірі кезінде халқына ардақты болған кісінің дүниеден өткеннен кейін оған құрмет ретінде орыннан тұру да рұқсат екеніне дәлел келген. Бірде Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан мәйіт көтерген адамдар өтті.

Сол кезде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орнынан тұрды. Сонда бір сахаба: «Олар бір яһудидің мәйітін алып бара жатыр», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол адам емес пе?»[5] – деді. Ибн Хажар «Фатхул Бәри» кітабында: «Пайғамбардың: «Ол адам емес пе?» – деген жауабы әрбір адамның мәйітіне құрмет көрсетуді білдіреді», – дейді. Үкім: Ғалым кісіге, немесе шейіттер рухына немесе еліне пайдасы мол игі адамдарының рухына құрмет ретінде тұрып, бір сәт үнсіздік сақтау шариғатқа қарсы іс емес және ол бидғат саналмайды.


 

[1] «Исра» сүресі, 70-аят.

[2] Имам Тирмизи, имам Ахмад риуаят еткен

[3] Фатхул Бәриден алынды. 11/52

[4] Имам Муслимнің «Сахихына» жазған түсіндірмесі, 12/93

[5] Имам Бухари мен имам Муслимнің сахихтарында келтірілді.  

fatua.kz

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

Ербол Бейілхан. Өлгеннен соң азық болар сауап жи!




Өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келіп, қалам тартар тақырыбы  басқа мен бірдей болса да, жеткізу жағында  шеберлік ерекшелікке арналған қолтаңбасы бар,  жалынды жас ақын.


-         Кейде ақындық табиғат  деп ағат кетіп, Жаратушыны естен шығарып жататын қаламгерлер бар, сіз қалай қарайсыз?


-         «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес.»- депті ғұлама Абай.


    «Құдай – бір, құран –шын, пайғамбар – хақ.»  Мен, осыған иланатын һам шүбәсіз сенетін көп қазақтың бірімін. Бірақ, «Алла, Алла!» деп әсіре ұраншылдыққа ұрынып, өзін жарнамалайтындардың қатарында жоқпын. Мұны айтып отырған себебім: қазіргі таңда әлеуметтік желілердің беті «Жаратушыдан қорық, өлімнен қорық, қәбір азабынан қорық т.б» үрейге толы уағыздар мен өлең шумақтарына толып кетті. Дінді бұлай қорқынышпен насихаттауға бола ма? Жаратушым – дара, пәк, мейірімді, кешірімшіл емес пе.  Ислам діні – адалдық пен пәктікті, жақсылық пен тазалықты, береке мен татулықты үлгі етуші дін.


        Асыл дінімізде ғылым, білім, өнер туралы керемет айтылған.


Өлең – өнер. Ал өнерді пенденің бойына дарытушы - Жаратушы. Ендеше, Жаратушының бойға дарытқан өнерін, ақын табиғатпен үйлесімді етіп, оқырманның жүрегіне жеткізе алса оның несі айып.


Абайша айтсақ, Алланы еске алғанда «ауыз емес, ынталы жүрек» керек.


-         Алланы ұлықтап жыр жазатын сәттеріңіз бар, осы тақырыпқа қалай келдіңіз?


       «Бисмилласын» аузына жиі алатын жер бетінің күнәхарымын... Ақын болу дегеніміз – ой мен мұң да жалқы болу дер едім. Ақынның ішкі құлазуы мен жалғызсырауын сөзбен айтып жеткізе алмаспын. «Адамдар көп, адалдар аз» қоғамда сүйеніш іздейсің. Сол сәттегі сыйынушым да, демеушім де АЛЛА! Сондай сәттерде туған біршама өлеңдер ғой бұл.


Жалғызсың ба!? 


Менде ойда жалқымын.


Мұңым да көп, сырым бөлек жартымын.


Жалғыз-жалғыз келіп едік жалғанға,


Жалғыз-жалғыз аттармыз арманда,


Жалғызсырап отырамын қара түн,


Төңірекке қара тілін салғанда.


Маңайымда адамдар жүр қаптаған,


Олардан да сырлас біреу таппағам.


Жалғыздықтың жаяу кешіп аралын,


Тағы міне, жалғыз кетіп барамын.


Бала күннен түскем жалғыз соқпаққа,


Ей, жолаушым енді мені тоқтат па?


Осы жолда тоқтағанша жүрегім,


Ең ақырғы сәттке дейін жүремін...


 


...Білесің бе?


Жалғыздықтан жалықтым!


Жол таба алмай, жөн таба алмай қамықтым!?


Кімге керек малым-мүлкім жиғаным,


Керек екен адалдығым иманым.


Жалғыз-жалғыз аттанамыз бақиға,


Ажал деген қарамайды жақынға!


Өлім деген бір Аллаһтың қақпаны,


Құтқара алмас, ағайын да, досың да!?


Бұл фәниде сүрсеңде өмір ғаламат,


Шыбын жаның бір Аллаһқа аманат.


Өлгеннен соң азық болар сауап жи,


Құран оқы, намазға ұйы жамағат!


...Іздеп-іздеп таптым оның дерегін,


Құранда екен менің барлық керегім.


Жалғыздықтан құтқаратын ҚҰДІРЕТ,


Аллаһты іздеп келемін!


-         Салт- дәстүрді жырлай беру көнешілдік, жаңашыл формаға ауысу керек дегенге айтарыңыз?


      Бұл енді әркімнің өз еркі. Сен көнешіл бол, сен жаңашыл бол деп ешкімге ақыл айта алмайсың. Мәселен, бүгінгі таңда биікке көтерілген қазақ поэзиясының ішінен өзіне ғана тән өрнек салсаң, сен мықтысың. Өзімді көшпенділік дәстүрден қол үзбеген көне қазақпын деп ойлаймын.


-         Жыраулар поэзиясындағы суреткерлік пен тебіреніс, бүгінгі шығармалардан кездеспейтіні қалай?


    Өлең - қоғамның айнасы. Қоғам өзгерді. Осыдан ІV-V ғасыр бұрыңғы поэзияны бүгінгі поэзиямен салыстыруға болмайды. Жыраулар шетінен батыр, қолбасшы, жауынгер болды. Аттың үстінде жүрді, ел мен жер үшін «қар құрсаулап, мұз құшты».  Жыраулар поэзиясындағы өрлік пен ерлік рухты заманы қалыптастырды. Ақындықтың алғашқы ұстаздары - Дулат пен Махамбеттерде де жыраулық сарын басым.


   Абай, Мағжан, Мұқағали үшеуінің өмір сүрген қоғамдары бір-біріне ұқсамайды. Бірақ, байқасаңыз дәстүрлік үндестік үзілген жоқ. Бірін-бірі толықтырып отырады. Бүгінгі поэзияда сол  дәстүрлі үндестіктің жалғасы. Жағымпаздыққа бой ұрып, рух әлсіреді демесеңіз, меніңше суреткерлік керісінше шексіз қоюлана түскен секілді. (Ұзақ әңгіме бұл негізі, бұрын да талай айтылғандықтан көп созбайын)


-         Нағыз қазақы  қара өлең бояуымен сурет салу, бүгінгі жастарға тар шеңбер болып жүр ме?


   Тар шеңбер болып жүр деп ойламаймын. Қараөлеңнен қоғам алшақтағалы біраз уақыт болды. Қараөлеңнің отаны көшпенділік болатын. Отырықшылық қара өлеңнің тамырына балта шапқандай көрінеді маған. Өзің көрмеген, өзінде жоқ дүниемен қалай сурет саласың? Оқу мен көру, есту мен тату екі түрлі дүние. Шынайы жете білмегеннен кейін салған суретің өшкін, өңсіз болып тұрады. Сосын еріксіз басқа шеңбер іздейсің?! Әйтпесе, қараөлеңнен артық қазына бар ма.


-         Имандылыққа жастардың бет бұруы жақсы, ғаламтор желісінен теріс насихат алуы қоғамға қауіп төндіре ме?


     Дінтанушыға қойылатын сұрақтар екен көбі!  Дегенмен, өз пікірімді білдірейін. Иманды жастардың көбеюі әрине қуантады. Жастар ғылым мен техниканы  меңгерумен қатар адал кәсіппен шұғылданып, ар мен ұятты, обал мен сауапты біліп өссе жаман адам болмасы анық. Өз басым дінге соқыр сезіммен баратындардан қорқам. Дін – нағыз үлкен ғылым. Ғылымға әр адам ізденіспен, шынайы жүрекпен келу керек.


       Ғаламтор бүгінгі таңдағы ең үлкен – Машина. Үлкен машинаға сақтықпен келмесең шайнап, жұта салуы кәдік. Жасыраты жоқ, бүгіндері ғаламтор желісі діни теріс насихат айтушыларға толы. Қаншама қаракөздеріміздің алдауға түскенін күнде естіп, оқып жағамызды ұстаймыз. Мемлекет, ұлт болып жат ағыммен күреспесек ертең кеш болуы әбден мүмкін.


-         Ұлттық сана, мұсылмандық қасиетті қалай сақтауға болады?


    Күрделі... Бесіктен басталуы керек. Балабақшадан бастап патриоттық, ұлттық мәні мен тәрбиесі зор сабақтар жүргізілуі тиіс. Мектепте «Ұлттану» деген жеке пән болуы керек. Ұлттанудың іші ұлттық қазынамызға толы болса шіркін!


     Қазақ тілі – ұлттық сананың қайнар бастауы. Тілді көркейтпей, жалпы қазақ  ана тіліміз де жаппай сөйлемей ұлттық рух, елдік сана толық ояна алмайды. Қәзір сөз бен ісіміз қабыспай жатыр. Бұған тек мемлекеттің емес, әрбір қазақтың басы ауыруы керек!


    Нағыз қазақ болу – мұсылмандық қасиетті сақтау деп ойлаймын.


                                      Шынайы жүрекпен қайтарған көптен көп рахмет.


                                                       Әңгімелескен; Көгедай Шәмерханұлы



Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 25 сәуір, 2017 жыл )

Таң 4:49
Күннің шығуы 6:14
Бесін 13:16
Екінті 18:08
Ақшам 20:12
Құптан 21:37
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 12:34
Бесінге дейін 0:42

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ