Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Әйелдер киімін, бояну заттарын сатуға болады ма?
Сұрақ:

Әйелдер киімін, бояну заттарын сатуға болады ма? 

Жауап:

Ғалымдар қандай бір зат халалға да харамға да қолдануға келетін болса, аталмыш сипаттағы затты жасауға да, сатуға да болады деп бірауыздан келіскен. Көптеген мубах (рұқсат етілген) заттарды халал мақсатта қолдануға немесе оны харам іске пайдалануға да мүмкіндігі бар. Мысалы пышақ, қысқа юбка, бейнекамера т.б. Пышақпен бір адамның жанын қиюға да немесе нан турауға да болады. Алайда бұлардың барлығын жасауға да, сатуға да шариғи тұрғыдан рұқсат етілген. Оған негіз ретінде мына қағиданы алға тартады: «Егер харамның нақтылығы анықталмаса, онда оны қолдануға болады». Яғни екі қолданысқа пайдалана беретін нәрселерді, кім харам жолға қолданса күнәсі өзіне, оған жасаушы, сатушы және делдал жауапты емес. Имам әз-Зәйлағи «Тәбиин әл-хақайық» аты кітабында негізі  харам болмаған  бірнеше нәрселерді (мүйізді қошқар, төбелесетін әтеш, көгершін) атап болған соң, «Бұларды сату харамға жатпайды. Өйткені олардың болмысы харам емес, керісінше тыйым салынған тұсы, қолданысқа пайдаланған ісі харам болып тұр дейді»[1]. Ендеше әрбір нәрсені жақсыға да жаманға да қолдануға болатын болса, онда оны сатуға рұқсат етіледі. Әйелдер   киімді, макияжды өз үйінде күйеуінің алдында немесе көшеге шыққанда қолдануы мүмкін. Оның қандай жолға қолданып жатқанына сатушы жауапты емес. Істеген ісіне өздері жауап береді. Осыған орай, әйелдердің киімін, боянатын заттарын жасауға да, сатуға да болады. Жауапкершілік қолданып жатқан адамның мойнына түседі. Егер дұрыс пайдаланса халал, харам іске қолданса күнәсін өзі көтереді.    


[1]Әз-Зайлағи, «Тәбиин әл-Хақайық», 3/297.

fatua.kz

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

Серікбай қажы ОРАЗ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы






Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, Сарыарқа төсінде, елордамыз Астанада сәні мен салтанаты үйлескен еліміздегі ең үлкен мешіт – Әзірет Сұлтанның мұсылман қауымының игілігі үшін салынуы – Ислам дінінің дамуында, жұртымызды жақсылыққа шақыруда үлкен серпіліс тудырғаны белгілі. ТМД аумағында теңдесі жоқ мешітті басқару,халқымызды имандылыққа ұйыту жауапкершілігі Сізге жүктелді. Жұмыс жоспарыңыз жайлы білгіміз келеді. Қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Бүкіл мақтау барша ғаламды жартқан Алла тағалаға және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Оның ізінен ергендерге сәлемдер мен салауаттар болсын! Өзіңіз айтып өткендей, Әзірет Сұлтан – ТМД көлемінде теңдесі жоқ мешіттердің бірі. Сәулеті мен салтанаты келісіп, мұнарасы менмұндалаған мешіттің пейілі кең, бейбітсүйгіш, көңілі дархан халқымыздың игілігіне салынуы көп жайтты аңғартса керек. Алла тағаланың қалауымен, дініміздің жанашыры, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Әзірет Сұлтан мешіті бой көтерді. Қазақстан халқына осындай құлшылық ордасының бұйыруы – үлкен нығмет. Мешітіміздің ашылуына Президентіміз қатысып, салтанатты шарада: «Әзірет Сұлтан – құлшылық орны ғана емес. Бұл мешітте кітапханалар мен дәрісханалар бар. Ендеше, Бас мешіт ірі рухани және мәдени-ағарту орталығы болады» деген еді. Бір жарым жыл бұрын жамағатқа есігін айқара ашқан, Елбасы сенім артқан Әзірет Сұлтан мешіті осы бағытта нәтижелі жұмыс жасап келеді. Бірнеше діни курстарда мешіт имамдары ұстаздық етіп, күні бүгінге дейін қаншама жанның сауатын ашты, жүректерге имандылық дәнін екті. Бұл үлгілі үрдіс ешқашан үзілмек емес. Сондай-ақ, қалың бұқараның діни біліктілігін көтеріп, асыл дініміз Ислам жайлы ақпаратты кеңінен тарату – біздің басты міндетіміз. Осы орайда, мешіт порталы muslim.kz сайтының жұмысын жандандырып, жақында тұсауын кескен «Hikmet.tv» телерадиостудиясы арқылы дүйім жұрттың діни деңгейін көтеру жолында бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Ақпараттық технология заманында өмір сүріп отырған біздің қоғам көшінен қалыс қалуға еш қақымыз жоқ. Сондықтан да әрбір технологиялық жаңалықты жұмысымызға оңтайлы пайдалана білуіміз шарт.


– Ақпарат құралдарында «Әзірет Сұлтан» мешітінде онлайн дәріс басталғаны жайлы жаңалық жарияланды. Діни саладағы бұл бастаманың қандай игіліктерін көріп отырсыздар?


– Иә, мұндай бастама тұңғыш рет Әзірет Сұлтан мешітінде жүзеге асты. Дініміздің жанашыр азаматтарының қолдауымен мешіт ұстаздары еліміздің тоғыз медресесі мен жүзге жуық мешіттеріне ғаламтор арқылы онлайн сабақ беруді бастап кетті. Бұл жүйе арқылы бір мезетте шамамен 1500-дей нүктеде онлайн дәріс жүргізуге болады. Біріншіден, уақыт үнемдейміз, екіншіден, қаржы шығындамаймыз. Астанада отырып, сонау шалғай жатқан ауыл, қала мешіттеріне, жамағатқа, халыққа уағыз айтып, тікелей тіл табыса аламыз. Интернеттің игілігін Исламның насихатына, халықтың рухани пайдасына икемдеп жатқан жайымыз бар. Осылайша халықтың ауызбіршілігі мен мұсылмандардың ынтымағы жолында азды-көпті сауапты жобалардыбастап кеттік. Алла тағала жұмысымызға береке беріп, сәтін салғай!


– Біз әу бастан, атам заманнан, бабалар дәуірінен Ислам дініндегі дәстүрлі Әбу Ханифа мәзхабын ұстанамыз. Әдет-ғұрпымызбен бітеқайнасқан төл дініміз халықтың рухани тірегіне айналды. Оған қарт тарих куә. Алайда, дін жолына түскен кейбір бауырларымыз арасында дәстүрге қырын қарайтындар кездеседі. Бұл уәжімізге не дейсіз?


– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлын имам-молдалар бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлаған сәтте мүфтиятты толғандырған бір сауал болды. «Діндарлар мен діннен алшақтау жүрген аға-іні бауырларымыздың пікірін қалайша бір арнаға тоғыстырамыз?» деген сұрақ мазалады. Осы екі топ өкілдерінің ортақ көзқарасын қалыптастыру үшін Бас мүфтидің бастамасымен «Дін мен дәстүр»атты кітапты шығардық. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Осы кітаппен танысып шыққан дін мен дәстүріміздің жанашыры, халық жазушысы Шерхан Мұртазаақсақал: «Бүгінгі қазақ қоғамында дін жайлы түсінік пен пікір екіге жарылды. Бірі – Ислам арабтанудың алғышарты, қазақты жою десе, екіншісі, діни сенімді көрсоқырлық деп бағалады. Осы екі тараптың ойындағы сауалға ортақ жауапты «Дін мен дәстүр» еңбегі дәл бере алады. Бас мүфтидің күрмеуі күрделі мәселе мен таптаурын танымды ұлттық дәстүрмен жадағайлап, қазақ болмысына сай лайықтап түсіндіруі – қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуге қадам басқандығын аңғартты» деп, ізгі тілегі мен пікірін білдірді. Шерхан атамыз айтқандай, қазақ халқы әлмісақтан мұсылман, бірақ, араб болуға міндетті емес. Өзінің дүние танымына, тұрмыс салтына орайластырған құлшылық жолы, Хақты тану дағдысы бар. Оны осы қасиеттерден ажыратуға, басқа арнаға бұруға ешкімнің қақысы жоқ. Ал, біздер, мұсылман жамағаты ауызбірлікті ту етіп, діни басқарманың пәтуасы мен шариғат тәпсірлерін құлақ қоя тыңдап, құлшылығымызды жасайық. Міне, осылайша барша мұсылман қазақты дін мен дәстүрді ардақтауға үндеп, игі бастаманы қолға алдық. Бұл еңбек, Алла қаласа, тізбегімен жұртымызға жолданып отырады. «Дін мен дәстүр» – бірінші кітап. Осы сәтті пайдаланып, еліміздің ғалымдары мен тарихшыларын, дәстүртанушылар мен дінтанушыларды игі бастамаға үлес қосып, тың деректер ұсынуға, екінші кітаптың шығуына атсалысуға шақырамын. Жалпы, дін мен дәстүр – егіз ұғым. Бірі-біріне сеп болып, бірге тұтасқан қос арнаны бөле-жара қарауға болмайды. Жазу-сызу жақсы дамымаған даламыздың тарихындай болған бабалар сөзі – мейлі мақал-мәтеліміз болсын, мейлі жыраулар поэзиясы болсын, қай-қайсын алып қарасақ та, Құран мен хадиске сүйенген сүбелі ойға тап боламыз.


– Ендеше, бүгінгі буынның, келер ұрпақтың бойына ұлттық идеологияны, патриоттық сезімді, адамгершілікті сіңіруде Ислам діні қалай көмектесе алады?


–«Отан – отбасыдан басталады» дейді атам қазақ. Жүрегінде иман ұялаған, шариғат шарттарын орындайтын адам ата-анасының айтқанын екі етпей, жақсы қылығымен жандарын жадыратуға тырысады. Қартайған шақта қамқорлық көрсетіп, алақанында аялауға жанын салады. Себебі, әрбір мұсылман Алла разылығы – ата-анасының разылығында екенін терең түсінеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында Мекке мұсылмандардың қолына өтіп, қуанышы қойнына сыймаған сахабалар Қағбаны тәуап етуге келе жатқанда Алла елшісі (с.ғ.с.) досы Әбу Бәкірге: «Әуелі әкеңе сәлем бердің бе?» дейді. Ол: «Жоқ» деп жауап береді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаны тәуап еткеннен гөрі әкенің алғысын алу қайырлы екенін жеткізеді. Міне, Исламның ата-анаға деген құрметі осындай. Отбасыдан басталған Отан ұғымын тарқатып айтсақ, ол ең алдымен, үйіміз іргелес тұрған көршілермен қарым-қатынас жасаудан басталады. Бұл жайында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: «Кім Аллаға және ақырет күніне сенсе, көршісіне жақсылық жасасын». Жүрегінде иманы бар әрбір жанның Құран мен хадисте көрсетілген қағидаларға сай амал етіп, сауап алғысы келетіні хақ. Ендеше, жан-жағыңдағыларға жақсылық жасауға, көршісімен тату-тәтті тұруға тырысқан жанның жүрегінде осыдан келіп мейірім мен махаббат орын алып, қастандық пен зұлымдықтың дәні жойылады. Жастарымыз аят пен қазақы тәрбиені көкейіне сіңіріп өссе, олардың жүрегінде Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктің өркен жаяры сөзсіз. Осылайша, өмір жолын оң бастаған жастарға асыл дініміздің қағидалары өмір бойы шамшырақ болып, шатаспауларына септігін тигізеді.


– Қазіргі қоғамда дін мәселесі күрделі тақырыпқа айналып бара жатқаны рас. Жат ағымдардың жолын кесу үшін қандай амалдарды ұсынар едіңіз?


– Өздеріңізге белгілі, Бас мүфтиіміздің бастамасымен діни басқарманың жанынан Ақпараттық-насихат тобы құрылды. Топ мүшелері жыл бойы «насихат жетпеген, ақпарат алмаған адам қалмасын» деген ұранмен білімі мен білігі толысқан 341 имам-ғалымдардан жасақталған 70 уағыз-тасихат тобы 77 қала мен 176 ауыл мектептерінде 3000-ға жуық кездесу өткізді. 400-ден астам түрмеде, 1104 әкімдік, мәдениет ошақтары, балалар және қарттар үйінде уағыз айтылды. Жергілікті және республикалық телеарналарға 1477 рет сұхбат берілді. 1708 мақала газет-журналдарда жарық көрді. Осындай тынымсыз тірліктің нәтижесінде, бізге жеткен нақты ақпараттар бойынша жат ағымдардың ықпалында болған 332 бауырымыз райынан қайтып, дәстүрлі дініміздегі Әбу Ханифа мәзһабымен қауышты. Тек уағызбен ғана шектеліп қалмай, басқармаға қарасты 21 сайтымыз, оның ішінде мешітіміздің порталы muslim.kz жылдам ақпарат беруде, мақала жазуда алғы шепте. Біз жамағатты бөлінбеуге шақырамыз. Өйткені, қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала біздерге «бөліңбеңдер» деп бұйырады. Ал, «бөлінгенді бөрі жейтінін» бабамыз баяғыда-ақ айтып кеткен. Қазақ халқының ойлау жүйесінің кеңдігі мен тереңдігін ғаламдық биікке көтерген ұлы Абай бір сөзінде: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бірлікке шақырса, тағы бір өсиетінде: «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп ұлттық ойдың шеңберінен шығып, жалпы адамзаттың ойлау кеңістігіне құлаш ұруға үндейді, бағыт сілтейді.


– Ислам тарихында ғұмыр жолы ұрпаққа рух сыйлайтын, мақтан тұтатын тұлғалар, ғұламалар, батырлар, көсемдер мен шешендер бар. Мектеп қабырғасына енгізілген дінтану пәнінің қатарына Ислам тарихын енгізуге қалай қарайсыз? Жалпы, дінтану пәнінің оқытылуы көкейіңізден шыға ма?


– «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Талдың түзу өсуі оның шыбық кезінде баптап-қарауына байланысты. Сол секілді, бала тәрбиесінің дұрыс болуы оның кішкентай кезінен бастап имандылық әдептерін үйренуіне, көкейіне толыққанды тоқуына байланысты. Сондықтан біз баланы жастайынан жақсылыққа тәрбиелеуге әрқашан мүдделіміз және дінтану пәнін осы саладан хабары бар мамандардың беруін қалаймыз.


– Елдегі Ислам ілімінің, дінінің ілгерілеуіне көңіліңіз тола ма? Дін туралы заңға енгізілген соңғы өзгерістер осы жолдағы жамағаттың құқығын шектеген жоқ па?


–Алланың берген тамаша тартуы – Тәуелсіз елімізде, әсем қала – Астанада, Елбасының қолдауымен бой көтерген сәулеті мен сәні жарасқан Әзірет Сұлтан мешітінде Ислам діні мен ілімі жайлы сұхбат құрып, келелі мәселелерді сөз етуіміз – дініміздің ілгері дамуының бұлтартпас айғағы дер едім. Мешітке келуші жамағаттың күн санап көбейіп келе жатқаны көз сүйсінтіп, көңіл қуантады. Әрине, бұған тоқмейілсіп тоқтап қалуға болмайды. Мұсылман адам үнемі дамып, мақсатына жетуі тиіс. Ал Заңға байланысты айтарым, өмірдің қажеттілігі мен уақыт сұранысына сай заң нормалары өзгере береді. Ал Алланың сөзі – Құран ешқашан өзгермейді. Сонымен жаңа қабылданған заң бізге не берді дейсіз ғой? Біріншіден, миссионерлер бұрынғыдай көшеде немесе қоғамдық орындарда халықты өз наным-сенімдеріне үгіттей алмайды. Кітаптарын да тарата алмайды. Байқасаңыз, үйлердің есігін қағып жүрген миссионерлер бүгінде сап тыйылған. Екіншіден, Елбасы қол қойған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң ел мұсылмандарының дәстүрлі жолы – Әбу Ханифа мәзһабының мәртебесін айқындап берді. Үшіншіден, Жарғысында діни бірлестік болып тіркелмеген кез келген ұйым дін насихатымен айналыса алмайды. Заңда кеткен кемшіліктер болса, өз уақыт-сағаты келгенде оған өзгеріс енгізіліп, жалпы халықтың игілігі үшін қызмет етеріне сенімдімін.


– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Яғни, мемлекет дін ісіне, дін мемлекет ісіне араласпайды. Алайда, дүниежүзілік діни ахуалды былай қойғанда, қоғамды діннен, дінді қоғамнан ажыратып ала алмаймыз. Біздің саясатымызға да, заңымызға да ислами, әсіресе, Әбу Ханифа мазхабына басымдық беру қажет сияқты. Сіз қалай ойлайсыз? Өйткені, әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» да, қазақтың би-қазылары да төреліктерінде, шешімдерінде шариғат қағидаттарына сүйенді ғой.


– Иә, дұрыс айтасыз. Дінді қоғамнан бөліп қарастыруға еш болмайды. Ендеше, қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алудағы дін міндетін мықтылай түсу қажет. «Діни сенім туралы»заңымызда Әбу Ханифа мәзһабына ерекше мәртебе берілгенін айттық. Енді осы басымдықты пайдаланып, дін мен дәстүрімізді насихаттауда енжарлық танытпауымыз қажет. Осы орайда, еліміздегі діни ахуалды тұрақтандыруға тек діни басқарма ғана емес, бүкіл ел, жұрт болып жұмылып, бір атаның баласындай атсалысқанымыз абзал. – Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!


Сұхбатты жүргізген Асхат РАЙҚҰЛ «e-islam.kz»






Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 26 наурыз, 2017 жыл )

Таң 5:48
Күннің шығуы 7:04
Бесін 13:23
Екінті 17:45
Ақшам 19:37
Құптан 20:53
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 5:32
Таңға дейін 0:16

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ