Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

Мұхитдин Исаұлы: Ғаламтор ұстаз бола алмайды. Ұстазы барлар жоғалмайды.




Сіз, ғалым ұстаз ретінде жастарды имандылыққа тәрбиелеуде неге көңіл бөлгеніміз абзал деп ойлайсыз?


Сол жастың өзіне көңіл бөлінуі қажет. Бізде кешегі заманнан қалған жаман әдет әлі де кездеседі. Ол – мұғалім мен шәкірттің арасында алынбас қамал. Мұғалім өзін бөлек санайды, шәкірт те мұғалімнен жасқанады. Ал өзін үстем санаған тәрбие де дәріс те бере алмайды. Өзін жасық санаған іштегі түйткіл сауалдарын еркін айта алмайды. Тағы бір нәрсе бар. Ол – тәрбие мәселесі. Мақсат тәрбиені жай жеткізе салу ма әлде баланы тәрбиелеу ме? Мұғалім осыны жақсы білуі тиіс. Егер ұстаз тәрбиеге қатысты қасаң қағидалармен қатып қалып баланы оқытатын болса, шәкірт ешқашан ілім ала алмайды. Бұл кешегі еті сенікі сүйегі менікі деп молдаға беріп таяқтап оқытқаны секілді. Бейімбет Майлиннің бір әңгімесіндегі молдадан қашқан баланың: «шоқынып кетсем де молдаға бармаймын» деген сөзі құлағымда жаңғырады. Бала тәрбиесі – тәрбиелік қағидаларға көңіл бөлу емес, нақ балаға көңіл бөлу. Оның нәтиежесі де егер бала емін-еркін сабағын айтып, сауал қоя алуы.


Еліміз бойынша медреселердің шәкірт даярлау бағыты нені ұстанады?


Ханафи десек те фиқһ пен Құран жаттатуды. Бұлардың бәрі ғажап нәрсе. Әйтсе де бұлар бастау ғана. Ең бастысы осы оқығандарын Ыбырай атамыз айтқандай көңілдеріне ықыласпен тоқи білу. Негізгі мәселе ихсанды меже еткені абзал. Біз көбінесе қасаң қағидаларды жаттатумен көп уақыт өткізіп баланы жалықтырып жатамыз. Ендеше осы тұрғыдан баланы заман технологиясын жақсы пайдаланып оқыту қажет. Әрі жаратылыс білімдерімен байланыстырып тәфәккүр бағытында оқыта білуіміз қажет.


Бүгінгі қоғамдағы түрлі жат ағымдарыдң алдын қалай ала аламыз деп ойлайсыз?


Әрине халықты оның ішінде бүлдіршіндерді дұрыс діни тәрбие беру арқылы. Бізге жетіспейтіні діни насихат. Бізде барлық мүмкіншілік бар. Тек соны пайдалана білсек болғаны. Мысалы муфтият өте үлкен күш. Бір бағдарлама тұрмақ қатарынан жүз бағдарлама жасап соны қиындықсыз жүргізуге болады. Әңгіме болсын соның ішінде тек екі мысалын ғана айта кетейін.


1. Қазақстанда екі жарым мың мешіт бар. Көп болса да пәлендей емес. Соның барлығына болмаса да негізгілерінің бәріне камера қойған абзал. Тіпті оның дауысына дейін болуы қажет. Міне осының бір шеті өкіл имамның хұжырасында болса бір шеті муфтиятта болмақ. Сонда бас мүфти мәркәзде отырып-ақ бір сәтте тұтас елдегі мешіттердің жағдайын көріп бақылап, өзі баға беріп отыра алады. Бас мүфтидің көріп отырғанын және өкіл имамның көріп отырғанын білген мешіттегі қызметкерлер тиянықты істеп жүрген істерін одан әрі жақсартуға тырысады... Әрі қандай да бір жат ағымдардың мәселесі болса сол сәтте көріп шара қолдана алатын болады. Һәм осыны жасауға ешқандай да анау айтқандай шығын кетпейді.


2. Өкіл имамдар скайф, қашықтан дидарласу айнасы т.б заманауи технологияны пайдаланып тікелей өзі аудан, ауыл имамдарына тым құрығанда аптада бір мәрте дәріс, уағыз беруі абзал. Һәм сондай-ақ бас мүфти де дәл осылай бүкіл елдегі өкіл имамдар мен басқа да имамдарға осылайша дидарласып дәріс беріп, уағыз айтып, сауалдарына жауап беріп отырғаны нұр болмақ. Әрі облыстардың мәркәз мешіттерінде арнайы үлкен экрандар ілініп сол арқылы да мешіт жамағатына аптада бір мәрте уағыз айтып тұрса міне сонда халық бас мүфтидің кім екенін, ілімінің мықтылығын мойындайтын болады. Алып қашпа сөздер болса тоқтайды. Халыққа етене жақын болады. Бірақ тікелей эфирде болғаны абзал. Сонда осы екеуі арқылы-ақ бас мүфти бүкіл елдегі мешіттерді Алматыдағы орталық мешіт тәрізді біліп солармен бірге тұратындай халге жетеді.


3. Осыған қосымша айтарым бас мүфтидің айтқан уағыздарын кейіннен өңдеп сд т.б арқылы халыққа тарату қажет.


Діни әдебиеттің анатілімізде аударлыуы аз, осы сұранысқа сай арнайы ашылған ғылыми орталық барма?


Жоқтың қасы деп айтуға болады. Бұл енді ғұламалар кеңесінің шешетін мәселесі. Меніңше ғұламалар кеңесінің ең бірінші кезектегі тірлігі осы болуы қажет. Тіпті мұның түк те қиындығы жоқ. Тек жүйе жасалса, қаржы көзі табылса болғаны. Мұнда екі жұмыс болуы керек.


1. Аударма. Ең қажетті негізгі қайнар көздер аударылып, халыққа таратылуы.


2. Бізге аударма жетпейді. Төл еңбектер болуы қажет. Бізде қазір шет елден бітіріп келген арабша жақсы білетін ислам дінін терең білетін жастар көп. Солардың жүзінің басын қосып әр қайсысына бір кітаптан беру қажет. Тіпті қаламақысын да қомақты етіп демеуші тауып алдын-ала бергені абзал. Бірақ қатаң талаптар қойып ең бастысы ықыласпен жазуды шарт ету керек. Жаздым ба жаздым болмайды.



3. Және үшінші осыған қосарым осы кітаптар алдымен мешіттерде болса екіншіден әсіресе мектеп кітапханаларына қойдыру қажет. Оған билік көнеді. Және балалардың санасына қарай жазылған кітаптар да болса нұр үстіне нұр.



4. Және айтарым мешіттерде арнайы кітапхана бөлмесі болуы қажет. Тіпті сол жерде жайғасып отырып шай ішетін мүмкіндік те болуы абзал. Сонда алдымен имамның өзі кітап оқып содан соң жамағатты соған баулуы қажет. Тым болмаса күніне он бес минут кіріп оқитындай дәрежеге жеткізуі ләзім.


Дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда түрліше курстар ашылуда, осының нәтижесі қаншалықты?



Меніңше бұл аздық етеді. Қазіргі скайф секілділерді пайдаланып екі күнде бір дәріс беруі керек. Осы тұрғыдан Нұр Мүбарактағы араб ғалымдарды және де жас қазақ ғалымдарын тартып дәріс бергізу қажет. Олардың ат арытып ұзақ жақтан бір апта үшін Алматыға келудің меніңше қажеті шамалы.


Біреулер дінді дәстүрден, дәстүрді діннен бөліп қарап жататыны бар, сіз не айтасыз?


Қандай да бір ел болмасын оның дәстүрі сеніме қарай қалыптасады. Қазақтың дәстүрінің ішінен Ислам дініне бейімдісін алып тастайтын болсаңыз қазақтың дәстүрінде меніңше жұрнақ та қалмайды. Тіпті біздің дәстүріміз Ислам ішіндегі ханафи мәзһабына қарай өрбіген.

Бір мазхабты ұстанған ел бола тұра ортамызда сыңар жақ болып, бас пайдасы үшін басқаның сойылын соғып жүргендерге қалай қарсы тұрамыз?


Соларға жақтасу арқылы. Иә, Пайғамбарымыз аләйһис-салату уәс-сәләм осылай айтқан. Оларды шошытпай, үркітпей жұмсақ тілмен сабырлық сақтау арқылы әсіресе ислами көркем мінез көрсету арқылы оларды қайтара аламыз. Нағыз мәрттік те өзіңмен өштескенмен өштеспеген. Алла Тағала хазіреті Мұса мен Харұнды перғауынға жібергенде «жылы сөз сөйлеңдер» деген жоқ па еді?!


Интернеттен (ғаламтордан) сабақ алып өзінше ізденіп жүргендер ұстазға мұқтаж емеспіз дейтіні бар, бұл адасушылыққа апармайма?


Апаруы әбден мүмкін. Ғаламтор ұстаз бола алмайды. Ұстазы барлар жоғалмайды. Басқа сөзбен айтсақ ғаламторды ұстаз еткендер оңалмайды, ал ұстазы барлар жоғалмайды.



Біраз уақыт шетелдерден діни сауат ашып келген жастардың имамдарды мойындамай, елдікті қадірлемей, ұлтты қастерлемей, өзгеге ұқсағысы келетініне не себеп?


Бұлардың қылығы «қаладан келген қылжақпасқа» ұқсайды. Мұның астарында өзімшілдік, тәкаппарлық, өз мың жылдық ата-бабаларын топырақ шашу, өзін ақсүйек ал халықты пария санау бар. Айтылған сөзді сол жерде тұрған адам да, мал да, аң да, құс та естиді. Бірақ адамның олардан айырмашылығы айтқан сөзді ұғады. Өкінішке қарай көптеген ілімі барлар бар, ілімі өз аузында қалған, ал ілімі аздар бар ілімі көңілдерге толған.



Мектеп қабырғасындағы дінтану сабақтарын арнайы дінтанушылар бермейді, біз осы салаға маманды қашан даярлап боламыз?


Сол дінтану пәніне қашан көңіл бөлінеді, сонда ғана көрінеді.


Дінтанушы ретінде арнайы еңбектер жазып, ұлтқа пайдасын тигізіп, тәуелсзідігіміздің баянды болуына еселі үлес қосып жүрген азаматтардан кімдері нақты атай аласыз?


Дінтанушыларды көп тани бермеймін. Олардың да көп пайдасы тиеді дегенге сене бермеймін. Ал исламтанушылар бар. Бұрынғылардан Абдулла Жолдасты, қазіргілерден Досай Кенжетайды айтуға болады. Соңғы бір-екі жыл көлемінде араб елдерінен бітіріп келіп ғылымға бет бұрғысы келгендерге келсек мәуелі бақ секілді саны көп. Бірақ солардың қаншасы ғажап жеміс береді оны уақыт көрсетер.


Салт -дәстүріміздің асыл дінімізге қайшы келетін жерлері барма?


«Құранды басып нанды алуға болады» дегенді бейне қазақтың салты секілді көріп жүргендер бар. Алайда мұның салтқа да дінге де айналып келгенде адамшылыққа қатысы жоқ нәрсе. Бұлар қазаққа соңғы ғасырларда енген нәрсе. Және осыған ұқсас соңғы ғасырларда жолай қосылған нәрселер бар. Бірақ осындай бір екі мәселеге қарап дін мен дәстүр бір-бірімен қарамай-қайшы деу ақымақтық. Бұл әлгі бір адамның тоқсан тоғыз есігі ашық тек бір есігі ғана жабық тұрған қамалға кірмекші болған адамға қасындағы серігі жабық тұрған бір есікті көрсетіп «қалай кіресің, қамалдың есігі жабық тұр ғой» дегені секілді.




Көгедай Шәмерхан



Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 20 қазан, 2017 жыл )

Таң 6:16
Күннің шығуы 7:31
Бесін 13:02
Екінті 16:43
Ақшам 18:27
Құптан 19:42
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 11:15
Бесінге дейін 1:47

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ