Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?
Сұрақ:

Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма? 

Жауап:

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“ Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік.

Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік»[1], - дейді Мұсылман кісінің бойынан табылуы тиіс жақсы қасиеттің бірі – өзіне жасаған игілігі үшін алғыс айта білуі. Ол жөнінде хадисте: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды»[2], – делінген. 

Сондай-ақ кісінің өзге адамдардың дәрежесіне, пайымдау деңгейіне түсіп, олармен сол деңгейде қарым-қатынас жасауы, ел арасындағы абыройлы тұлғаларға құрмет көрсетуі де мұсылманшылықтың талабы. Ғалымдар мен ел арасында беделі бар жандарға сый көрсетуге шариғат рұқсат еткен. Кейбір ғалымдар мұндай іске «мустахаб» деген үкім берген. Имам Бухари мен имам Муслимнің Сахих жинақтарында Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ансарларға Сағыд ибн Муаз келген сәт орындарынан тұрып, құрмет көрсетулері туралы айтылған.

Осы хадиске түсініктеме берген имам әл-Бәйһәқи: «Ансарлардың Сағыд пен Талхаға сый-құрмет ретінде орындарынан тұрып, құрмет көрсеткендері секілді іске - дінде рұқсат берілген. Құрмет көрсетілген жан, өзін соған қашанда лайық сезінбеуі керек. Құрмет көрсетілмеген жағдайда ренішін білдіруіне немесе шағымдануына болмайды»,[3] – дейді.

Имам Нәуәуи осы хадисті түсіндіріп:  «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мырзаларыңызға немесе ардақтыларыңызға орындарыңыздан тұрып, құрмет көрсетіңіздер», – деген сөзінен игі адамдар келген сәт адамдардың құрмет ретінде орындарынан тұруының жақсы іс екенін білеміз. Көптеген ғалымдар мұны мұстахаб амал санаған. Мұны құптайтын хадистер көп. Ал ашық тыйым салған еш хабар келген жоқ.

Мұндай хадистер мен ол жайында айтқан ғалымдардың сөздерін жинақтадым және осы жайында (яғни адамдардың бір кісіге құрметпен орындарынан тұру ісіне) тыйым салынған деп ойлаған ғалымдар сөзіне жауап қайтардым»,[4] – дейді. Алайда бұл пікірлер тірі адамдарға құрмет көрсетуге қатысты айтылған. Ал тірі кезінде халқына ардақты болған кісінің дүниеден өткеннен кейін оған құрмет ретінде орыннан тұру да рұқсат екеніне дәлел келген. Бірде Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан мәйіт көтерген адамдар өтті.

Сол кезде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орнынан тұрды. Сонда бір сахаба: «Олар бір яһудидің мәйітін алып бара жатыр», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол адам емес пе?»[5] – деді. Ибн Хажар «Фатхул Бәри» кітабында: «Пайғамбардың: «Ол адам емес пе?» – деген жауабы әрбір адамның мәйітіне құрмет көрсетуді білдіреді», – дейді. Үкім: Ғалым кісіге, немесе шейіттер рухына немесе еліне пайдасы мол игі адамдарының рухына құрмет ретінде тұрып, бір сәт үнсіздік сақтау шариғатқа қарсы іс емес және ол бидғат саналмайды.


 

[1] «Исра» сүресі, 70-аят.

[2] Имам Тирмизи, имам Ахмад риуаят еткен

[3] Фатхул Бәриден алынды. 11/52

[4] Имам Муслимнің «Сахихына» жазған түсіндірмесі, 12/93

[5] Имам Бухари мен имам Муслимнің сахихтарында келтірілді.  

fatua.kz

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

САНСЫЗ СЫНАҚ СЕНІМІ БЕРІК ЖАННЫҢ САҒЫН СЫНДЫРА АЛМАЙДЫ




АСТАНА. 12 тамыз. Е-ІSLAM.KZ. – Діни мәселелер күрделене түскен дәл қазіргі кезеңде еліміздің барлық аймақтарындағы ахуалдың барысы да салмақтылықпен қарауды қажет етеді. Осындай ойды негізге алып, Әулиеата өңіріндегі Жамбыл облыстық Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевты әңгімеге тартқан едік. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілі ондағы исламның тыныс-тіршілігімен қоса, өзге де тақырыптар төңірегінде әңгіме қаузады. 


– Данияр Әлимұхамедұлы, әңгіме басында алдымен Жамбыл облысындағы діни ахуалдың тыныс-тіршілігі, жат ағымдармен күресудің бағыт-бағдары жайында, нақты қандай шаралар қолға алынып жатқанын баяндап берсеңіз...


– Әрине, өңіріміздегі діни ахуалды тұрақты деп айта аламыз. Жамбыл облысы – діні мен тілі, мәдениеті сақталған аймақ. Облысымыз еліміз бойынша мешіт санының көптігі жағынан екінші орында тұрады. Осы мақтанышымызды тарқатып айтар болсам, өңірде 275 мешіт бар, олардың әрқайсысында бірнеше имам, молдалар қызмет атқарады. Әрине, олардың арасында әлі де болса діни сауатын көтеруді қажет ететіндері баршылық. Әсіресе, ауылдық жерлердегі молдалардың деңгейін көтеру мәселесі бірінші орында тұр. Бүгінгі күні облыстық мешіт тарапынан жоспарлы түрде жылына бірнеше оқыту семинарлары ұйымдастырылып, біліктіліктері мен білімдері жетілдіріліп тұрады. 


Сондай-ақ, облыстық мешіт жанынан білімді имамдар топтасқан ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Аталған топ құрамы аудандарды, ауылдарды аралап, халық арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, халықтың көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, діни ахуалдың жандануына өз үлестерін қосуда. Соның нәтижесінде білімді имамдарымыз ел арасына шығып, уағыз-насихат жұмыстарын күшейтіп, елдің діни сауатын ашуда, бұл бастама өз нәтижесін берері сөзсіз.


Сонымен қатар, облыстық мешіттің жанындағы «Һибатулла Тарази» медресесінен бөлек, медресе жанынан жалпы сауатын ашқысы келетін жамағатқа бірнеше санаттағы діни сауат ашу курстары ашылып, өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.


Бұлан бөлек, халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына қарамастан, біздің қоғамда қамқорлыққа зәру, баса көңіл аударуды қажет ететін азаматтар бар. Әлеуметтік осал топтардың қатарында өзін қамтамасыз ете алмайтын мүгедектер, көп балалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған азаматтар, жалғыз басты еңбекке жарамсыз азаматтар мен жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар жеткілікті. Қоғамның осындай мүшелеріне көмек қолын созуды Һибатулла Тарази орталық мешіті дәстүрге айналдырған.


– Әулиеата өңіріндегі мешіттерде кадр мәселесі, білікті мамандарды тарту жұмысы қалай шешімін табуда?


– Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қызметіне кіріскелі дін саласы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Діни басқарманың алдына қойған басты жұмыстарының бірі – имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Әлбетте,  мемлекетімізге сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен білігі толысқан имам-молдалар қажет. Сондықтан біз діни мамандарды дайындауды бірінші орынға қойып отырмыз. Еліміздегі тоғыз медресенің бірі, «һибатулла Тарази» медресесінің облыстық мешіттің жанынан ашылғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Биыл үшінші оқу жылына талапкерлер қабылдамақпыз. Қабылдау барысында өң-әлпеті, жүріс-тұрыс, тәртібіне жіті мән береміз. Себебі, ертең халықтың алдындағы имам болғаннан кейін, міндет, талап та ауыр болатыны хақ.  Болашақ имамдар медреседе Құран, хадис ілімі, араб тілі қатарлы білімдерді үйренеді. Арнайы Мысыр елінен келген ұстазымыз да бар. Сондай-ақ, медресемізде шәкірттер діни біліммен сауаттанып қана қоймай, дүнияуи ілімді де меңгереді. Себебі, тарихты, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді терең білу қоғамда имамның дәрежесін арттырады. Алла қаласа, ертең осы медресенің түлектері ауылды жерлерде, қалаларымызда қызмет жасайтын білікті де білімді дін қызметкері болады деген үміттеміз.


– Еліміздегі діни білім берудің қазіргі жай-күйіне көңіліңіз толады ма? Жастардың бойында радикалды ағымдарға қарсы тұрарлық иммунитет қалыптастыру үшін, халықты дәстүрлі дінімізбен сауаттандыра түсу үшін қандай амалдарды қолға алған жөн деп санайсыз?


– Әлбетте, бүгінгі еліміздің діни білім беру саласы көңіл қуантарлық жағдайда деп айта аламын, Аллаға шүкір! Бұлай деуімнің негізі – қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты бір университет, бір институт және екі қарилар дайындау орталығы, тоғыз медресе жұмыс жасайды. Таратып айтар болсам, Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті мен «Республикалық имамдардың білімін жетілдіру» ислам институты, Ақмола облысы Қосшы елді мекенінен ашылған «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы мен Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығы және еліміздің солтүстік облыстары үшін «Астана» медресесі, Алматы мен Талдықорған облыстары үшін «Әбу Ханифа», «Үш қоңыр» медреселері, Оңтүстік Қазақстан облысы үшін «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері, Жамбыл облысы үшін «Һибатулла Тарази» медресесі, Қызылорда, Ақтөбе облыстары үшін «Ақтөбе» медресесі, Батыс Қазақстан облысы үшін «Орал» медресесі, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары үшін «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі қызмет етуде. Бұл аталған діни оқу орындарының барлығы ресми тіркелген, Білім және ғылым министрлігінен лицензия алған. 


Барлық медреселер жатақхана, асхана, оқу залдарымен қамтылған. Компьютер бөлмесі мен интернет желісі, медициналық пункттер жұмыс істейді. Медресе бағдарламаларының күрделілігіне сәйкес, шәкірттердің оқу пәндерін игеруіне, әсіресе, Құран жаттау мен араб тілін меңгеруіне өте көп уақыт жұмсалады. Кітапхана қорларын Құран, тәпсір және фиқһ кітаптары мен мемлекеттік мүддеге сай отандық әдебиеттер және қазақ тілді оқулықтар құрайды. Медреселердегі білім деңгейін шәкірттер өте жоғары бағалауда. Осы діни оқу орындарында білім алған түлектер асыл дініміз – Исламның дәстүрлі ұстанымы Әбу Ханифа мәзһабын насихаттауда, жастарымыздың мысықтілеулі, деструктивті идеологияларға төтеп бере алатын рухани иммунитетін қалыптастыруда елеулі қызмет етеді деп сеніммен айта аламын.


Сондай-ақ, дәстүрлі ұстанымымызды өркендету, халқымыздың рухани иммунитетін жандандыру мақсатында еліміздің көптеген облыстық, аудандық, қалалық мешіттері жанынан көпшілікке арналған діни сауат ашу курстары ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, діни басқарманың қолдауымен мектеп жасындағы балалар үшін жыл сайын жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізуде.


– Данияр Әлимұхамедұлы, бүгінде Қазақстанның қай аймағында да суицид өзекті түйткілге айналып тұр. Осы орайда, сарапшылар «Мешіт имамдарына психологтық қасиет жетіспейді» дегенді жиі айтады. Бұл пікірге уәжіңізді білдірсеңіз.


– Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен еліміз бойынша барлық мешіттердегі имам-молдаларды аттестациядан өткізді. Аттастациялық сұрақтар бойынша имам-молдаларға психологиялық тест жүргізілді. Мақсат – дін қызметкерлерінің қарым-қабілетін, мінез-құлқын, психологиясын анықтау әрі олардың жігерін ояту, қызметке деген құлшынысын арттыру. Психологиялық тест жүргізген мамандардың айтуына қарағанда, имам-молдалар өзіне сеніммен қарайды, ұстамдылық танытады. Олардың басым көпшілігінде көшбасшылық, тұлғалық қасиеттер байқалған. 


Суицид дертінің емі – иманда. Анығырақ айтқанда имани тәрбиеде. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жасөспірімдер отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбиеге мұқтаж. Демек, ата-ана, мектеп мұғалімдері және психологтар бірлесе жұмыс атқаруы қажет. Жауапкершілік те теңдей бөлінгені жөн. Бұл проблемада ата-ананың кінәсы басымырақ секілді. Ата-ана «баламды жұрттың баласынан кем етпеймін» деп тек тамағын тауып, киім-кешегін бүтіндеумен әлек болудың салдары. Тіпті, шаңырағына бір мезгіл уақыт бөліп, перзентімен ашық-жарқын сөйлесу ұмыт қалған тәрізді. Баласының киімі көк болғанымен, көңілі күпті, жаны құлазып, ата-анасының мейіріне мұқтаж күй кешуде екендігін көп жағдайда ұғына бермейді.


Алла елшісі (с.ғ.с.): «Әкенің балаға берген ең бағалы мұрасы – тәрбие» деген сөзінің мәні осында жатқандай. Әке перзентіне берген имани тәрбиеден артық дүние қалдыра алмас. Ал, ата-ана баланы дүниеге әкелумен ғана шектеліп, имани тәрбие бере алмаса, қоғамға үлкен қасірет әкелері сөзсіз.


«Имансыз білім – ақсақ» дегендей, мектеп қабырғасында біліммен сусындап жүрген жасөспірімдерге имани және рухани тәлім-тәрбие беру ауадай қажет. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берген білім қоғамға апат әкеледі» деп айтқанындай, білімнің көзі тәрбиеде болғандықтан, негізгі ұстаным имани тәрбие жұмысын жандандыру, жетілдіру деген міндеттен туындау керек.


Имани тәрбие алған адам қандай қиыншылық болса да белін бүкпей, қасқайып қарсы алады. Сансыз сынақ сенімі берік жанның сағын сындыра алмайды. Керісінше, шыңдай түседі. Өйткені, иманды жан күндер кезегімен ауысатынын жақсы біледі. Қиын күндердің артынан шуақты күндер келетініне кәміл сенеді.


– Орта білім беретін, арнаулы орта және жоғары оқу орындарындағы дінтану пәнінің оқытылуы қазіргі қоғамға қаншалықты пайдасын тигізуде? Әлде, көңіл көншітпейді ме?


– Еліміздегі мектептерде дінтану факультативтік пәні жылына 34 сағат оқытылатын болса, оның көбірек сағаты Ислам дініне берілуі, оқу-әдістемелік құрал бағдарламасында Ислам дінінің негіздері, Құран мен хадистер, пайғамбарлар, мәзһабтар, және басқалар туралы кеңінен қамтылатыны жоспарланған. Демек, бұл пәннің рухани өмірімізге пайдасы болады.


– «Шет мемлекеттерден діни білім алып келген жастар жат ағымның дәнін елімізде сеуіп жүр. Олар оқыған елінен білім ғана емес, сол мемлекеттің идеологиясын да қоса сіңіріп келіп, жұрт ішіне жік салуда». Осы мағыналас әңгімелерді діннің төңірегінде жандардан арагідік естіп қаламыз. Бұл пікір шындыққа сая ма?


– Шетелде діни білім алып келген жастардың кейбір қылығына көңіліміздің толмайтыны рас. Алайда, шетелде оқып келгендердің барлығы түгелдей халқымыздың әдет-ғұрпына, бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген Ханафи мәзһабына қарсы емес. Сол шет елде оқып келген бірталай білімді, көкірегі ояу азаматтар бүгінде Ханафи мәзһабын дәріптеп, әдет-ғұрпымыздың озығын насихаттауда. Иә, кейбір шет елде бір жақты әрі радикалды тәлім алып келгендердің де бар екенін мойындауымыз керек. Алдымен шетелде діни білім алып келгендер туралы бірер сөз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары шетелде оқуды қызық көріп, талғамай, сол елдің өзінде де қадірі жоқ оқу орындарына өз бетімен барғандар көп болды. Кейбір мұсылман елдерінің тау қуысындағы медресе-сымақтарында жүргендер де аз емес-ті. Оның бірқатары сол жерлердегі теріс ағымдар жетегіне түсті. Мен дін мамандарының шетелдерде емес, өзімізде білім алуын қолдаймын.


– Данияр Әлимұхамедұлы, соңғы сауалымыз: бүгінгі ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік қасиетін арттырып, рухын асқақтата түсу үшін Исламның қай бағытын немесе қандай тұлғаларын көбірек оқытып, насихаттау керек? 


– Халқымыздың имандылығы мен рухани деңгейін өсіру үшін адамгершілікке тән қасиеттерге жетелейтін, әділдікті, шындықты, адалдықты уағыздайтын, елін, халқын, Отанын сүюге тәрбиелейтін, басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен қарайтын, ең жақсы әдет-ғұрыптарды уағыздайтын Ислам дініндегі дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып, насихаттауымыз қажет.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл – ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.


«Әбу Ханифа» (Ханифаның әкесі) – оның шын есімі емес, өйткені, оның Ханифа атты перзенті болмаған. (Имам Ағзамның Хаммад есімді жалғыз ұлы болған. Хаммадтан екі ұл қалады, біреуінің есімі – Омар, ал екіншісі – Исмаил). Ғалымдардың айтуынша, «ханифа» — мәзһабтың сипаты болып, ол «хақ, тура жол» деген мағынаны білдіреді. «Әбу» сөзінің түп мағынасы «әке» болғанымен, сонымен қатар оның «иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі» деген баламалары да бар. Сонда, «Әбу Ханифа» деген сөздің мағынасы «хақ жолдың бастаушысы, тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды.


Алла Тағала ғибадаты мен ғибраты мол, жомарт, жұмсақ мінезді, тақуа, ұлы имамымыз Әбу Ханифаны рақымына бөлесін. Бүкіл дүние мұсылмандарының ынтымағы мен бірлігін нығайтып, дау мен алауыздық жойылсын. Әлемде тыныштық пен сыйластық орнықсын. Әмин!


– Әмин, әңгімеңізге рахмет!


Сұхбатты жүргізген – Асхат РАЙҚҰЛ



Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 25 сәуір, 2017 жыл )

Таң 4:49
Күннің шығуы 6:14
Бесін 13:16
Екінті 18:08
Ақшам 20:12
Құптан 21:37
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 12:33
Бесінге дейін 0:43

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ