Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



СОЛАҚАЙҒА ШАРИҒАТ НЕ ДЕЙДІ?
Сұрақ:

Мен солақаймын. Бұл тұрғысында шариғат не дейді? 

Жауап:

Солақайлық намаз оқуға және басқа да құлшылық жасауға тиым салмайды. Алайда, оң және сол қолды қолдану әдебі бар. Осы тақырыпты кеңірек айтып көрейік.

Құран Кәрімде «(Амал дәптері) оң жағынан берілетіндер, қандай жақсы оңшылдар[1]» деп жәннаттықтарды және «(Амал дәптері) сол жағынан берілетіндер, қандай жаман солшылдар[2]» тозақиларды айтқаны мәлім.
 
Сондай-ақ, барлық жақсы істі оң жағынан бастау – сүннет. Сондай-ақ, дәрет алу, ас-су ішіп-жеуде, киім киюде, затты алып-беруде оң қолмен болуы сүннет. Ал, сол қол тазалану үшін қолданады.

Омар бин Әбу Сәләмә (р.а.): «Мен Алла елшісі үйіндегі бала едім. Қолымды табақ ішінде олай-бұлай сала беретін едім. Пайғамбар (с.ғ.с.) маған: «Балам! Алла атын айтып, оң қолыңмен және өз алдыңнан бастап тамақтан», – деп айтты», – дейді.

Имам Науаи аталмыш хадисті: «Хадистегі бұйрық түрінде айтылған сөз барлығына (Алла атымен бастау, оң қолмен жеу және өз алдынан тамақтануға) қатысты болғандықтан оң қолмен тамақтану міндет...»,-деп түсіндірген.

Оң қолмен тамақтану қажет екендігі және сол қолмен ас-су ішіп-жеуге тиым екендігін мына хадис айтылған. Сәләмә бин Әукағ (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) сол қолымен тамақтанып отырған кісіні көріп: «Оң қолыңмен тамақтан»,– дейді. Ол: «Шамам келмейді»,– дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұдан былай шамаң келмейді, – дейді[3]». Бұл кісі кейіннен оң қолын көтере алмай қалған деген дерек бар.
Ибн Омар, Жәбир және Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім сол қолмен тамақтанса, онымен бірге шайтан тамақтанады[4]»,– деп айтылған.

Таиби бұл хадисті: «Шайтан сол қолымен жейді» деген сөз оған адам ішіндегі достары көмектеседі. Сол қолмен тамақтанған адам шайтанның досы»,– деп түсіндірсе, белгілі тәпсірші ғалым Құртуби бұл хадисті: «Сол қолмен тамақтанушы шайтан әрекетіне жатады»,– деп тарқатқан.

Имам Науаи: «Бұл хадистер тамақтану және сусын ішу оң қолмен болуы сүннет, ал сол қолмен жасау мәкруһ (Алланың жанында ұнамсыз). Сондай-ақ, алыс-беріс те оң қолмен болған дұрыс. Тек, науқастық пен жарақат сияқты үзірлі себеп болса ғана рұқсат»,-деген.
 
Ибн Араби «Сол қолмен тамақтану күнә» деп, сөзіне дәлел ретінде шайтанға тиесілі етілген әрбір іс-қимыл харам», – деп айтқан. 
 
Сөз соңында, барлық істі оң жақтан және оң қолмен істеуді үйренуді бастаңыз. Алла тағала жар болсын!
 
muftyat.kz


[1] Уақиға сүресі, 8-аят
[2] Уақиға сүресі, 9-аят
[3] Мүслим
[4] Мүслим, Ахмед

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



МЕШІТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

23.12.2014 Өкіл имам Қырғыз елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты

Жақында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының және Ош Мемлекеттік университетінің теология факультетінің   ұйымдастыруымен  «Жаңа ай тууының  діни және ғылыми негіздері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.


Қырғызстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің айтулы конференцияға қатысуын сұрап, арнайы хат жолдаған болатын.


Конференцияға Қазақстаннан Жамбыл облысының ҚМДБ бойынша өкілі Данияр қажы Әлимұхамедұлы қатысып қайтты.  Жиынға сонымен қатар, Қырғызстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажы, Түркия Республикасының Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Eкрем Келеш, Ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Марсбек Ибраев, Ош облысының соты Ниязали қажы Арипов және Ош қаласының вице-мері Илиьч Эргешов, ОшМУ-нің ректоры Каныбек Исаков және көптеген имамдар мен дінтагушылар қатысты.


Конференция барысында  Қырғызстан мүфтиі Фикх  ғалымдарының жаңа айдың тууына байланысты көзқарастарына тоқталып,  шариғатымыз бойынша және жаңа технология бойынша жаңа туылған айды анықтау турасында біршама мәліметтер айтты.


Жамбыл облысынан барған өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы жоғарыда айтылған пікірлерді құптап, «Жаңа ай тууының діни және ғылыми негіздері» деген тақырыпта баяндама оқып, әр  туылған жаңа ай мұсылмандар үшін берекеге толы болсын деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Ислам тарихындағы халифалар кезіндегі айдың тууына қатысты мысалдар келтірді.


Жиын соңында түрлі пайдалы пікірлер айтылып, алдағы Рамазан айына дейін тағы бір осындай конференция ұйымдастырып,  ортақ бір пікірге келу шарасы белгіленді.


«Бұл конференцияның басты мақсаты  дін ғұламаларының жаңа айдың тууына қатысты ортақ шешімдерін талқылау. Өйткені, жаңа айдың туылуымен әлемнің барша мұсылмандары қасиетті Рамазан айын қарсы алып, шығарып салады. Сол жаңа айдың туылуымен Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Сондықтан, осы конференция  арқылы барлық мұсылмандардың ауызбірлігін сақтап, тың мәліметтермен бөлісу жоспарымыз бар. Және осы жиынға Сіздің құрметті қонақ ретінде қатысып, өз біліміңізбен жіне тәжірибеңізбен бөлісуіңізді сұраймын», - деп жазылған Қырғыз елінің бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажының Қазақстан мұсылман діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына жолдаған хатында.


Лаура Алмаханова,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 






Басып шығару

Басқы бетке

Войти

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 19 қаңтар, 2017 жыл )

Таң 7:18
Күннің шығуы 8:39
Бесін 13:28
Екінті 16:30
Ақшам 18:12
Құптан 19:33
   
Қазір: Ақшам
Жергілікті уақыт 18:52
Құптанға дейін 0:41

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ