Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



ЗЕКЕТ ҚОРЫ

13.11.2013 Ашура күнінде Зекет қоры қайырымдылық жасады


Мұсылманшылықтың жыл басы болып саналған Мұхаррам айының оныншы күні – «Ашура» биыл қараша айының 13-ші жұлдызына сәйкес келгені белгілі. Ашура күні ораза тұту үлкен сауап. Бір күн тұтқан оразаң бір жыл бойы ұстаған оразаға татиды. Сондай-ақ осы айда атқарылған қайырымдылық шараларының сауабы мол екендігі хадистерде айтылған. Сол хадистің бірінде, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ашура күні түйірдей садақа берген адам Ухуд тауына пара-пар сауапқа кенеледі», - деген екен.


 


Пайғамбарымыздың осы бір өсиетін басшылыққа алған Зекет қорының Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде Ашура күніне орай қаламыздағы жағдайы төмен, тұрмысы нашар 30 отбасыға қайырымдылық көрсетті. Әр отбасына 2-3 келі құмшекер, ұн таратылды. Балаларға да кішігірім сыйлықтар берілді. Зекет қорының өкілі Ерлан Бөлегенов келген қонақтарға дастархан жайып, Мұхаррам айы және Ашура күнінің қасиеті турасында уағыз айтты. Жалпы, Зекет қорының облысымызда атқарып жатқан шаруалары аз емес. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табады.


 


 


 



 


 


Қайырымдылық ізгі амал.  


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Жамбыл облысындағы «Зекет» қорының өкілі, Бөлегенов Ерлан,  Рамазан айының келу қарсаңына байланысты, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің медресе асханасында  көп балалы, жағдайы төмен кісілердің отбасыларына арнайы дастархан жайып тамақтандырып, Қасиетті Рамазан айымен сүйіншілеп, келген кісілер «Зекет» қорының атынан, күнделікті тұтынатын бұйымдар үлестіріп берді. Қайырымдылықтың негізгі мақсаты болса, Рамазан айының береке айы екенін түсіндіріріп, халыққа қуанышты көңіл күй бағыштау болды.


 


Көгедай Шәмерханұлы


 


 


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/XusiS.jpg


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/U30Bo.jpg


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/Dox67.jpg


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/SKeMG.jpg


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/YHB7n.jpg


 


http://gifok.net/images/2013/07/05/6fQ3U.jpg


 


 


 


 


 


«Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші.»


(Құран Кәрім, 2:261)


 



 


Бес парыздың бірі - зекет


Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі - зекет.


Асыл дініміз Исламда «Зекет» - көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.


Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі.


Ата-бабадан қалған жәдігерліктің ішкі сырына үңілсек, Ислам айқыштарының бірі - зекеттің ізін Абайдың әкесі туралы айтқан мына шумағынан оқуға болады:


«Зекет жиып, егін сап, Тойдырған ғаріп, жатақты».


 


Құнанбайды жұрт дәулетіне қарап бағаламай, ақылы мен парасаттылығына, қайырымдылығы мен адалдығына бас иген. Содан болар, ол айналасындағылардың жүрегінде Құдайға деген махаббаттың шырағын жағуды көздеген. Рухани байлық жолында дәулет-байлықты құрбан еткен.


Зекет - Исламның бес парызының бірі. Оған Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау»[1], - деп айтқан сөзі дәлел.


Зекет - тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат.


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал - мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер»[2]- деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек. 


 


Жалпы, зекеттің мұсылманға тигіздер пайдаларын саралайтын болсақ, олар төмендегіше:


1) Зекет төлеу байлықты арттырудың себебі болады, өйткені осының арқасында белгілі бір қаржы кедейлер мен мұқтаждардың қолына түседі, бұл өз кезегінде экономика мен сауданың жандануына алып келеді. Алла Тағала: «... тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді» - деп айтқан (Сәбә, 39-аят).


2) Намазды санамағанда, құлшылық етудің бұл түрі ең жақсы құлшылық болып саналады. Алла Тағала Құранда өзінің әмірлері мен тыйымдарына бойұсынған құлдарын жәннатпен сүйіншілеп, мейіріміне бөлейтіндігі турасында уәде еткен. Ал, сондай әмірлердің бірі - зекет екені даусыз. Сонымен қоса, зекеттің - күнәлардың кешірілуіне себеп болатыны да Құранда айтылған: «Олардың малдары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа (зекет) ал» («Тәубе», 103-аят).


3) Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық сияқты қылықтардан сақтап кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сынды жақсы сипаттарға тәрбиелеп, баулиды.


4) Зекет - бақытқа апаратын бастаулардың бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зекет - Исламның көпірі»[3], - деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінгендердің зекет арқылы бір дастарқан басына жиналатындын ишарат етті.


5) Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың талан-таражға түсіп, жоғалып кетуіне тосқауыл болып, берекесін арттырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді»[4], - деп айтқан.


6) Зекет - қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-арбау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет болады. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті қажеттіліктер зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз кереғар көріністер өздігінен азаяды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Малдарыңды зекетпен қорғаңдар» - деп айтқаны туралы хабарлады (ат-Табарани).


 


7) Шайтан малғұн адамды «Зекет берсең, кедейленіп, аш-жалаңаш қаласың», - деп азғырады. Шындығында, зекет - малымыздың азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді...» («Бақара» сүресі, 268-аят), «Алла өсімнің берекетін кетіріп жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп арттырады» (Бақара сүресі, 276-аят).


 


8) Зекет берген адамның жан-жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат күй кешеді. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене байланысып, рухани тоқырауға ұшырағандарға психологтардың жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұсынуы, кісі ойлантарлық. Хақ Тағала әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан алу мүмкін емес.


 


9) Ислам дінінің бір адамның жеке басының пайдасы емес, тұтас қоғамның, халықтың пайдасы мен өркендеуін, сол арқылы әрбір тұлғаның да өсуін көздейді. Мал-мүліктің шынайы иесі Алла Тағала оны адамдарға пайдалану үшін беретіні сөзсіз. Сондықтан ондай байлыққа ие болған адам оны пайдаға асырып, басқалардың да игілігіне қолдануы қажет.


 


10) Зекет әрбір мұсылман және әрбір қоғам үшін өмірдің бір саласын қамтыған жоба.


Жалпы, мұсылман өміріндегі барлық ережелер мен қағидалардың қайнар көзі - Құран мен сүннет екендігі сөзсіз. Сол сияқты, мұсылманға бес парыздың бірі ретінде міндеттелген зекет ғибадатының да негіздерін Құран аяттары және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері арқылы бағамдап көрсек.


Кімде-кім зекет ғибадатын парыз деп қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап, алайда орындамаса күнәһар болады.



--------------------------------------------------------------------------------


[1] Бұхари, зекет


[2] Ат-Табарани


[3] Һәйсәйми, Мажмуаз-зәуайд.


[4] Ат-Табарани


Қор туралы


 


Зекет.jpg

 


 


ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылдың 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.


ҚМДБ Зекет қоры - жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.


Қордың құрылтайшысы - Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы.
 


 


Миссиясы:


- Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру


 


Мақсаттары:


Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру;


Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау;


Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету;


Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу;


Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату;


Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету;


Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру;
 
ҚМДБ-ның басқа да діни қызметтеріне қаржылай қолдау көрсету.


 


Басты ұстанымы:


- Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік


- Халыққа ашықтық


- Ресмилік



Ақпараттық байланыс


E-mail: zhambyl-zeket@mail.ru
Тел.  8-707-422-80-90


Факс: 8 (7262)  57-18-64


Қор реквизиті


ҚМДБ-ның  Жамбыл облысы  «Зекет» корпоративтік қоры  (ҚМДБ  Мешіт «Һибатулла Тарази»)


РНН    211500237656


БИН    080941015199


КБе     18


ИИК    KZ448560000005293946


БИК    KCJBKZKX


АО   «Банк  Центр  Кредит»


ҚМДБ-ның «Зекет» корпоративтік қорының


Жамбыл облысындағы өкілі - Бөлегенов Ерлан Абуталипұлы.


 


 

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 25 қараша, 2017 жыл )

Таң 6:56
Күннің шығуы 8:17
Бесін 13:05
Екінті 16:04
Ақшам 17:46
Құптан 19:07
   
Қазір: Бесін
Жергілікті уақыт 13:28
Екінтіге дейін 2:36

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ